
Әділет Министрі Қанат Мусин халықаралық сарапшы, Молдова Республикасының Кемсітушіліктің алдын алу және жою және теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі кеңестің төрағасы Ян Фельдман мырзамен және Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис мырзамен кездесуі өтті.
Тараптар кемсітушіліктің алдын алу және жою саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Фельдман мырза Молдова Республикасының Кемсітушіліктің алдын алу және жою және теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі кеңесті құру және оның жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.
Евгений Жовтис азаматтық қоғам Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны Қазақстан Республикасының орындауы туралы сегізінші-оныншы жиынтық мерзімді баяндамасына түсініктеме дайындағанын хабарлады.
Министр ұсынылған ақпарат үшін делегацияға алғыс айтып, Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру бойынша Әділет министрлігінің заңнамалық жұмысын атап өтті.
Кездесу достық жағдайда өтті.