Тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату

Тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату

2022 жылғы 30 наурызында Әділет министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері қарастырылды.

ҚР ҚК 222-бабының нормаларын (Тауар таңбасын заңсыз пайдалану) қылмыстарды ашу тиімділігін арттыру және жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде жетілдіру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

ҚК-нің 222-бабы қылмыстық теріс қылықтар санатына жатқызылған, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның қылмыс жасағаны үшін жауаптылығы (бір рет, қайталап) бөлінбеген.

ҚР ҚК-нің 222-бабына келтірілген қылмыстық теріс қылық, келтірілген залал, сондай-ақ жасалған қылмыс тәсілдері бойынша адамдардың жауапкершілігінің аражігін ажырату бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады.