
Ағымдағы жылдың 30 наурызда Қоғамдық кеңес отырысында авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау бойынша ұсынастарын талқыланды.
Ұсыныстардың бірі құқықтарды ұжымдық басқарудың тиімділігін арттыру арқылы авторлардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қолданыстағы заңнамада «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46 - бабында белгіленген мүліктік құқықтарды ұжымдық негізінде басқаратын ұйымдардың міндеттері орындалмаған жағдайларда ерте ден қою шараларын ауыстыруға мүмкіндік беретін тетік көзделмеген.
Аккредиттеу туралы кәуліктің қолданылуын тоқтата тұруды қарастыру ұсынылады