
Ағымдағы жылдың 30 наурызда Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес отырысының тақырыбы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі болды.
Авторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.
Осылайша, Ішкі істер министрлігі авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу туралы ұсыныс енгізді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 198-бабының 1-бөлігін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне ауыстыру ұсынылады. Аталған ұсынысты енгізуге құқық қолдану практикасындағы проблемалар негіз болды.
Мұндай шаралар, оның ішінде құқық иеленушілердің өтініші бойынша тексерулер жүргізу арқылы құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауды, бұзушылықтарды жоюды және олардың алдын алуды, неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.