кезекті отырысы өтті.
2022 жылдың 31 наурызында Әділет министрлігі терминологиялық секциясының кезекті отырысы өткізілді. Отырыста 36 термин қаралып соның ішінде заңнамада жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін біріздендіру мақсатында «ресімдеу/тіркеу – тіркеу-регистрация», «мал/жануар - животное», «Алдыға жүргізу/алға жүру - Продвижение», «Паттерн - шаблон», «Арамшөп-жойғы – ұсыныс «гербицид»», «Кәбиса жыл – високосный год – ұсыныс «кібісе жыл»», «Халықтық толқулар/халық толқулары – Народные волнения» терминдерінің заңда әр алуан қолданылуын болдырмау үшін жан-жақты зерделенді.
Секция мүшелері отырыста қаралған және талқыланған терминдермен іс қағаздарда қолданылатын тұрақты тіркестерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының қарауына ұсынуды ұйғарды.