
2022 жылғы 28 наурызда Әділет Вице-министрі Ақерке Ахметованың Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханыммен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Әділет Вице-министрі А. Ахметова дипломатиялық өкілдерді Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті, сондай-ақ Әділет министрлігінің Әмбебап кезеңдік шолу және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті шеңберінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы туралы хабарлады.
Қатысушылар адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықтың алдағы шараларын талқылады, сондай-ақ бір-біріне жемісті жұмыс тіледі.
Кездесу достық жағдайда өтті.