Атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың құқықтарын қорғауды жетілдіру. Проблемалар мен оларды шешу жолдары

Атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың құқықтарын қорғауды жетілдіру. Проблемалар мен оларды шешу жолдары

Бүгін ҚР Әділет министрі Қанат Мусин ҚР Парламенті Мәжілісінде Атқарушылық іс жүргізудегі тараптардың құқықтарын қорғауды жетілдіру. Проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша баяндама жасады. 

Сот төрелігін іске асырудың соңғы кезеңі ретінде мәжбүрлеп орындату процесі тиімді, жедел және әділ болуға тиіс.

Бірақ, өкінішке орай, өндіріп алушылар өздеріне тиесілі сомаларды уақтылы және толық өндіріп алуға қол жеткізе алмайды.

2021 жылы сот орындаушыларының іс жүргізуінде 9,3 трлн сомасына 7 млн (6,7) атқарушылық және басқа да құжаттар болды.

Нақты өндіріп алынған 2,3 млн. атқару құжаты 300 млрд.теңгеге.

Негізгі себептер - заңнаманың олқылықтары мен борышкерлердің төлем қабілетсіздігі.

Өткен жылы ғана борышкердің табысының немесе мүлкінің болмауына байланысты, өндіріп алушыларға 2,4 трлн. теңгеге 608 мың атқарушылық құжат қайтарылды.

Жыл сайын атқарушылық іс саны 1 млн. астам құжатқа өсуі байқалады. Тиісінше сот орындаушыларының жүктемесі артып келеді.

Сот актілерін орындау - ең проблемалық жұмыс болып табылады. Сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдардың саны төмендемей, бұзушылықтардың саны да өсуде. Бұл әкімшілік әділет жүйесін енгізуді айқын көрсетті. Талап-арыздардың жартысы - сот орындаушыларының әрекеттерін даулау туралы. Көп жағдайда соттар оларды негізделген деп таниды.

Әрине, бұл жағдайдың субъективті және объективті себептері де бар. Сот орындаушыларының көпшілігі, адал және еңбекқор қызметкерлер болып табылады, өз денсаулықтарын аямайтын, кейде өкінішке орай өмірлерін. Біз оларды қолдадық та және қолдаймыз.

Сонымен қатар, Министрлік борышкерлердің де, өндіріп алушылардың да құқықтарын қорғау үшін, жүйелі жұмыс жүргізуде.

Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңға маңызды өзгерістер 2020 жылы енгізілді. Олар борышкер мен өндіріп алушының құқықтарын қорғауға, жеке сот орындаушының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Енді, бір ай ішінде алимент өндіру және басқа да әлеуметтік істер бойынша белсенді жұмыс болмаған жағдайда, сот орындаушысы лицензиясынан айырылады.

2021 жылы осындай негіздер бойынша 19 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды.

Жеке сот орындаушы мүлікті сатқаннан кейін басқа сот орындаушылардың да шектеулерін шешуге міндетті болды.

Енді сот орындаушысы борышкердің елден шығуын, шектеуге міндетті. Бұрын ол мұны өз қалауы бойынша жасай алатын.

Жұмыс істейтін мүгедек борышкерден алимент өндіріп алу тек оның жалақысынан ғана жүзеге асырылады.

2020 жылғы желтоқсанда Жоғарғы Соттың "Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы" нормативтік қаулысына түзетулер енгізілді

Бұл өзгерістер, қасақана төлемеушілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды айтарлықтай жеңілдетті.

Өткен жылы алимент төлемегені үшін, 316 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал, 2019 жылы болғаны, 62 борышкер.

2021 жылы 6 мыңнан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасыме, әзірленген маңызды заңнамалық өзгерістерді, Сіздер 2021 жылғы 31 желтоқсанда қабылдадыңыздар.

Заңмен кепіл ұстаушыларға және олармен үлестес тұлғаларға сауда-саттыққа қатысуға тыйым салынды.

Жылжымайтын мүлікті аукцион арқылы бастапқы бағалау құнының 75% - ынан төмен сатуға болмайды (бұрын сатудың ең төменгі шегі 50% болған).

Жалпы алғанда, маңызды мәселелер тобы атқарушылық іс жүргізу саласын автоматтандыру арқылы өз шешімін тапты.

Бүгінгі күні іс жүргізу әрекеттерінің 70%  автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жүзеге асады.

Атқарушылық іс жүргізу тараптары материалдармен онлайн таныса алады және процестік өтінішхаттарды, тараптардың кабинеті арқылы бере алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркелу осы мүмкіндікті ашады.

Алайда, проблемалар әлі де жеткілікті.

Барлық банктер біздің жүйемен біріктірілмеген.  27 банктен 14 банк ақпараттық алмасуға қосылған.

Бұл орындату жүйесін толық көлемде автоматтандыруға, банктермен өзара іс-қимылды жеңілдетуге мүмкіндік береді, азаматтардың қарызды төлеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді, олардың өмірлік белсенділігін жеңілдетеді.

Сондай-ақ, көлікке тыйым салу/алып тастау және жүргізуші куәлігі қолданысын шектеу мәселелері бойынша Ішкі істер министрлігімен интеграция жоқ.

Бүгінгі таңда, үлкен және іс жүзінде шешілмейтін проблема, ол тараптарды тиесінше хабардар ету.

Ақпараттық жүйемізде қазіргі уақытта СМС-хабарлама бар. Бірақ бұл шара тиімсіз, өйткені ол хабарламаны борышкерге немесе өндіріп алушыға тиісті түрде жеткізуін қамтамасыз етпейді.

Пошта арқылы хабарлама жіберу, ол жеткізу мерзімі мен құны бойынша архаизм екені анық. Хабарламаны бір тапсырыс хат арқылы жіберу үшін шамамен 400 теңге жұмсалады.

Мемлекеттің құқықтық жүйесінде борышкерді уақтылы хабардар ету, міндетті шарт болып табылады. Тек сот орындаушылары үшін ғана емес, барлық әкімшілік органдар үшін де.

Қазіргі уақытта Министрлік бұл мәселені шешімін табу жұмыстарын жүргізуде. Тиісті ұсыныстар жақын арада Үкіметке енгізілетін болады.

Бүгінгі таңда заң бойынша жеке сот орындаушының әрекеттері мен шешімдері тек сот арқылы шағымдалынады.

Мұндай сот даулары барлық сатыларды қоса алғанда 11 айға дейін созылуы мүмкін.

Бұл ретте соттың негізгі шешімі орындалмай жатабереді. Адамдар, сот олардың пайдасына өндіріп алған нәрсені ала алмайды.

Көбінесе борышкерлер шағымдану құқығын теріс пайдаланады және оның орындау процесін созу үшін пайдаланады. Осы уақыт ішінде олар мүлік пен ақшаны жасырады.

Сот практикасы, жеке сот орындаушыларына қатысты 200-ге жуық талап-арыз татуласумен немесе мыңнан астам талап-арызды қайтарып алумен аяқталғанын көрсетеді.

Дау, сотқа дейін, өңірлік палаталар деңгейінде шешілуде.

Мұндай практиканы жария ету және өңірлік палаталарының лауазымды адамдарын жеке сот орындаушыларының шешімдерін жою жөнінде өкілеттіктер беру қажет деп ойлаймыз.

Бұл дауларды қарау уақытын қысқартады және тараптардың құқықтарын қорғауға оң әсер етеді.

Депутаттар мұндай түзетуді енгізді. Әріптестерімізден оны қолдауды сұраймыз.

Жалпы алғанда, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңы қолданыста болған 11 жыл ішінде оған 397 түзету енгізілді. Бұдан көп, Әкімшлік құқық бұзушылық кодексіне енгізілген.

Заңның үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын сақтау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін, ең жақсы әлемдік заңнамалық тәжірибелерді ескере отырып, Мәжбүрлеп орындату туралы жаңа заң әзірлейтін уақыт жетті деп ойлаймын.

Заң жобасының тұжырымдамасын қазіргі уақытта Министрлік әзірлеуде.

Қорытындылай келе, атқарушылық іс жүргізуде азаматтардың құқықтарын қорғауды іске асыру бойынша жұмыс жалғасатынын сендіргім келеді.

Мәжбүрлеп орындату саласын дамыту үшін әлеует бар.