ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институтына барды

ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институтына барды

2022 жылдың 25 наурыз күні ҚР Әділет Вице-министрі Ақерке Естайқызы Атырау облысы бойынша Сот сараптамалары институтының қызметкерлерімен кездесті.

Сот сараптамалары институттың күнделікті жұмыс бағытымен танысқан ҚР Әділет Вице-министрі пандемия індетіне қарсы тұрып, ел үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген Сот сараптамалары институтының қызметкерлерінің жұмыстарына алғысын білдірді.

 Сондай-ақ, Президенттің Жолдауында көзделген денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу бағыты бойынша өзекті мәселелерді талқылады.