
Бүгін ҚР Әділет вице-министрі Ахметова Ақерке Естайқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалымдары, оқытушылар құрамы, ғылым жолында жүрген жастар және студенттермен, «Қазақстан жазушылар одағы» және «Қазақстан Республикасының суретшілер одағы» ҚБ Атырау облыстық филиалдарының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының желісін дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жалпы орталықтарды құру – елдердің инновациялық потенциалын арттыруға арналған Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының халықаралық жобасы болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты – зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғау саласында хабардар болуды арттыру және осы саланы оқыту арқылы патенттік зерттеулер жүргізу болып табылады.
Оқу орнының ғалымдары тарапынан Әділет министрлігі мен Білім және Ғылым министрлігінің арасында зияткерлік меншік мәселелері бойынша ведомоствоаралық комиссия құру, ғылыми мақалаларға авторлық құқықты сақтау механизмдерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар айтылды.