2022 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өту бойынша салтанатты шара өтті.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Сергейұлы Мусин министрліктің ұжымын келе жатқан әз Наурызбен құттықтап, денсаулық, әрбір бастамаларға сәттілік және толағай табыс тіледі.
Аталған жиында министр әділет органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлерін ведомстволық наградалармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады.