ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2019 жылғы 1 қарашада Әділет министрлігі адвокаттық қызмет және заң көмегі саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау аясында азаматтарға көрсетілетін заң көмегін жетілдіру мәселелерін талқылау үшін диалог алаңына айналды.

Әділет министрі М. Бекетаев ұсынған таныстырылымда халық үшін маңызды болып табылатын заң көмегін көрсету мен құқықтық қызмет көрсету салаларын жаңа заңнамалық реттеудің құқық қолдану тәжірибесіндегі оң серпіні атап өтілді, сондай-ақ олардың дәйекті дамуының келешектегі нақты бағыттары белгіленді.

Іс-шара халыққа «Online» режимінде білікті заң көмегін алуға мүмкіндік беретін және адвокаттар мен заң консультанттарының жұмысын автоматтандыратын «Е-заң көмегі» бірыңғай ақпараттық жүйесінің табысты тұсаукесерімен атап өтілді.

Іс-шара жұмысына азаматтар, ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, заң консультанттары палаталарының, адвокаттық және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар, Әділет министрлігі заңнаманы жетілдіру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен пысықтайтын тиісті ұсынымдар әзірледі.