Қарағанды облысы Әділет департаментінде жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті

Қарағанды облысы Әділет департаментінде жазушы Жан Ақжановпен кездесу өтті

2019 жылғы 5 қарашада Қарағанды облысы Әділет департаментінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жанрдағы «Путь врача», «Степь и судьба», «Солнце улыбается тебе» атты шығармалардың авторы, жазушы Жан Ақжановпен шығармашылық кездесті.

Іс шарада Қарағанды облысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Департамент басшысының орынбасары А.О.Оразхан қатысты.

Өз сөзінде Қ.Тажибаев азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық мәдениетті көтеру, оның алдын алу бойынша  Департаментпен жүргізіліп жатқан жұмыстарымен қысқаша таныстырып өтті.

Өз кезегінде жазушы Ж.Ақжанов азаматтардың санасында жоғары моральдық-этикалық құндылықтарды тәрбиелеудегі ойымен бөлісті.

Іс шараның соңында жазушының кітаптарының тұсаукесері өтті.

Пресс-служба

Департамента юстиции

Карагандинской области