Әкімшілік юстиция саласында тәжірибе алмасу

Әкімшілік юстиция саласында тәжірибе алмасу

Бүгін ҚР Әділет вице-министрі Наталья Панның төрағалық етуімен Әзірбайжан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Каримов С, Латвия Конституциялық сотының судьясы Я.Нейманиспен кездесу өтті. Ондағы мақсат – әкімшілік юстиция саласында тәжірибе алмасу. Кездесуге Республикалық адвокаттар коллегиясы мен Америкалық Заңгерлер Ассоциациясы  (American Bar Associаtion «ABA ROLI») өкілдері де қатысты.

Іс-шара барысында әкімшілік сот төрелігін жүзеге асырудың құқық қолдану тәжірибесін қалыптастырудың өзекті проблемалық мәселелері көтеріліп, оған судья Каримов мен Нейманис Әзірбайжан мен Латвияның осы саладағы тәжірибелерімен бөлісіп, жан-жақты жауап берді.  Сонымен қатар, бұл кездесуде Әділет министрлігі мен Америка адвокаттар қауымдастығының өкілдігі арасындағы одан әрі ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.