
Бүгін Әділет министрі Қанат Мусин М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде кездесу өткізді. Аталған университет еліміздің түрлі саласында қызмет етіп жүрген мықты мамандардың түлеп ұшқан оқу орны. Министр студенттер, профессорлы-оқытушылық құраммен кездесіп, еліміздің заң білімін дамыту барысы туралы сөз қозғады. "Оқытушылар оқу процесінің басты ресурсы болып табылады. Олардың кәсіби білімі ұшталған болуы, өз ісінің кәсіби мамандары болуы маңызды. Олар оқу процесі барысында өздерінің білімі және тәжірибелерімен бөлісуі қажет. Заң саласына білікті мамандардың қажеттілігін ескере отырып, еліміздің заң мамандарын даярлайтын жетекші оқу орнымен байланыс орнату маңызды деп санаймын",-деді Қанат Мусин.