
Әділет министрлігінде бұған дейін хабарлағандай, Заң консультанттары Палатасы ірі бірлестіктерінің басшылары Серік Ақылбай, Жұмагелді Елубай және Фарид Алиевпен кездесу өтті. Елімізде заң көмегін дамыту саласында конструктивті диалог өрбіді.
Тараптар заң шығару, құқықтық насихат саласында тығыз қарым-қатынас орнатамыз деп келісті. Палаталар ҚР Әділет министрлігінің жоспарын қолдап отыр, жуық арада өз өкілдерін министрлік жанынан құрылған, құрамына ғалымдар, азаматтық қоғам белсенділері, жастар кірген жобалау кеңсесіне жібереді.
Басты мақсат - Жаңа Қазақстан!
Қорытындылай келе, тараптар жуық арада елімізде заңгер мамандығын дамыту мәселелері бойынша Әділет министрлігіне бірлескен ұсыныстар енгізуге дайын, сондай-ақ, мұндай форматтағы кездесулерді тұрақты түрде өткізуге ниетті екендіктерін атап өтті.