Адвокаттық қызметтегі өзекті мәселелер қаралды

Адвокаттық қызметтегі өзекті мәселелер қаралды

Бүгін Әділет министрлігі Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесіп адвокаттық қызметтің өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Әділет министрі Қанат Сергеевич Мусин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Валерьевна Имашева, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Жолшыұлы Бикебаев, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық экономика, қаржы, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, Республикалық нотариаттық палатаның, жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының өкілдері, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультанттары палаталары қауымдастықтарының мүшелері және аумақтық әділет департаменттерінің басшылары қатысты.

Адвокаттық қоғамдастық заң көмегін көрсету жүйесіндегі, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарға Адвокаттық қызмет кепілдіктерін және қорғаушылардың іс жүргізу өкілеттіктерін кеңейтудегі проблемалық мәселелерді көтерді.

Заң қызметтерін көрсету саласын жетілдіру бойынша өзекті және уақытылы ұсыныстар айтылды.

Бұл кездесу адвокатураны одан әрі дамыту бағыттарын және халыққа заң қызметтерін көрсету сапасын, сонымен қатар мемлекет кепілдік берген заң көмегін жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеуге мүмкіндік берді.

Талқылау барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі нақты шаралар Жол картасында көрсетіледі.