
2019 жылғы 25 қазанда Әділет министрлігінің кезектен тыс алқа отырысы өтті. Шараға вице-министрлер, жауапты хатшы, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың, облыстық әділет департаменттерінің басшылары қатысты.
Алқа отырысы барысында ведомства өкілдері Әділет органдарының 2019 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысы туралы баяндады. Баяндамашылар: Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С. Атағазиева, Сот актілерін орындау департаментінің директоры Д.Ж. Игембаев, Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры М.Ш. Тулепов, Кадр қызметі департаментінің директоры Қ.Қ. Умиров.
Іс-шараның соңында Әділет министрі Марат Бекетаев сөз сөйледі. Ол әділет органдарының алдына қойылған міндеттерді орындау барысында басымдық берілетін негізгі жайттарды атап өтті.