Венецияндық комиссия Қазақстанда әкімшілік әділет құрылымының енгізілуі туралы хабардар етілді

Венецияндық комиссия Қазақстанда әкімшілік әділет құрылымының енгізілуі туралы хабардар етілді

Венецияда 11-12 қазан аралығында өткен Құқық арқылы демократияға Еуропалық Комиссиясының (Венецияндық комиссиясы) 120-шы пленарлық сессиясына ҚР ӘМ Заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков қатысты.

Пленарлық отырыста Олжас Данабеков елімізде әкімшілік әділет саласындағы реформаларды табысты жүзеге асыруға бағытталған шаралар туралы баяндады.

Комиссия Кодекс жобасының әкімшілік әділет саласында нақты ережелерді орнату мәселесінде маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

Қазіргі таңда Кодекс жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әкімшілік әділет құрылымын енгізу билік органдары мен азаматтар арасындағы жария-құқықтық дауларды шешудің ерекше тетігі екенін айтып өткен еді.

Айта кету керек, Әділет министрі М. Бекетаев ұсынған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасының тұжырымдамасы Венеция комиссиясымен өткен жылы мақұлданған.