Хабарландыру

Хабарландыру

ҚР Әділет министрлігінің қорытынды алқасында Қазақстанның заң консультанттары қоғамдастығының ұсыныстарын назарға алып, заң консултанттары палаталарының тізіліміне қол жеткізуді оңайлату мақсатында Министрлік сайтының басты бетінде «Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың(заң консультанттарының) тізілімі» сілтемесін бекіту мәселесі пысықталды.

         Заң консультанттары палаталарының тізілімін және компонентін жүргізу мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің жауапты қызметкері Қоңыр Ерлан Қалиұлымен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін(Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) 8 (7172) 55-88-49; +7 701 412 2631 телефон арқылы жүгіне аласыз.

2021 жылғы 9 маусымдағы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында болған өзгерістерге байланысты өз тізіміңізді мәліметтердің өзектілігіне тексеруді сұраймыз.