2022 жылғы 16 ақпанда сағат 09.00-де «3 желания, fig.», «ШЕДЕВР» және «Greenfield» тауар таңбалары Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ, «ОРИМИ» ААҚ компанияларының өтініштерін қарау бойынша Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану бойынша комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысы онлайн форматта өткізілді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша «3 желания, fig.» және «ШЕДЕВР» тауар таңбаларын 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Тауарлар мен қызметтердің халықаралық жүктемесінің (бұдан әрі - ТҚХЖ) 29 және 30-сыныптарының тауарлары бойынша, «Greenfield» біріктірілген тауар таңбасын 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ТҚХЖ-ның 30-сыныптың «шәй» тауары бойынша Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылды.