
23 ақпан сағ 10.00-де ҚР Әділет Министрлігі мен Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының ұйымдастыруымен мәжбүрлеп орындату шараларының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, адвокатура, нотариат, заң кеңесшілері, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйым мен қоғам белсенділері қатысады.
Шараның қорытындысы бойынша мәжбүрлеп орындату шаралары жүйесін жетілдіру үшін ұсыныстар беріледі.
Өтетін орны: Мәңгілік ел, 55/18, блок 3,3, зал 121 The Main Boardroom
Анықтама телефондары: +7-708-180-89-00 (РП ЧСИ)
Аккредитация: pressgov@mail.ru поштасына жіберуіңіз сұралады