Ағымдағы жылғы 4 ақпанда сағат 16.00-де Әділет министрлігінде (бұдан әрі - Әділетмині) Әділет вице-министрі Н.В. Панның төрағалығымен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті 575-ші отырысы өтеді (Zoom бейне-конференция байланыс арқылы, сондай-ақ Әділетминінің YouTube арнасында көрсетілетін болады).
Отырыста келесі мәселелерді қарау жоспарлануда:
- Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заң жобасы, оған ілеспе заң жобалары және оларға Үкімет қорытындысының жобалары (әзірлеуші – Парламент депутаттарының тобы, қосалқы баяндамашы - Қаржымині);
- «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы және оған ілеспе заң жобаларының тұжырымдама жобалары (әзірлеуші – Қаржымині);
- «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы және оған ілеспе заң жобасының тұжырымдама жобасы (әзірлеуші – СИМ).