Ағымдағы жылғы 29 желтоқсанда сағат 16.30-да Әділет министрлігінде (бұдан әрі - Әділетмині) Әділет вице-министрі Н.В. Панның төрағалығымен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті 574-ші отырысы өтеді (Zoom бейне-конференция байланыс арқылы, сондай-ақ Әділетминінің YuoTube арнасында көрсетілетін болады).
Отырыста келесі мәселелерді қарау жоспарлануда:
- «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы (әзірлеуші – Еңбекмині);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіби біліктіліктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы (әзірлеуші – Еңбекмині);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы (әзірлеуші – ҰЭМ);
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы (әзірлеуші – ҰЭМ);
- «Агломерацияларды дамыту туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы (әзірлеуші – ҰЭМ);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы (әзірлеуші – ҰЭМ);
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы (әзірлеуші – ҰЭМ);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдама жобасы (әзірлеуші – ҰЭМ).