2021 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті (ZOOM платформасында).
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселе қаралды.
Қоғамдық кеңестің жұмысы 2022 жылы сот актілерін, сот сараптамаларын орындау бойынша мәселелерді қарауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге бағытталады.