Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның 573-ші отырысы

Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi  ведомствоаралық комиссияның 573-ші отырысы

Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi

ведомствоаралық комиссияның 573-ші отырысы

 

        Ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда сағат 16.00-де Әділет министрлігінде (бұдан әрі - Әділетмині) Әділет вице-министрі Н.В. Панның төрағалығымен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті 573-ші отырысы өтеді (Zoom бейне-конференция байланыс арқылы, сондай-ақ Әділетминінің YuoTube арнасында көрсетілетін болады). 

       

        Отырыста келесі мәселелерді қарау жоспарлануда:

 

  1. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы және оған Үкімет қорытынды жобасы (әзірлеуші – Парламент депутаттарының тобы, қосалқы баяндамашы - ІІМ);

 

  1. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасs және оған Үкімет қорытынды жобасы (әзірлеуші – Парламент депутаттарының тобы, қосалқы баяндамашы - ІІМ).