ҚР Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі арасында сот-сараптама қызметі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

ҚР Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының  Әділет министрлігі арасында сот-сараптама қызметі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

 

2021 жылғы 6 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Президенті Ш.Мирзиёевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі арасындағы сот-сараптама қызметі саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум ережелерін іске асыру барысында сот-сараптама қызметі саласында ғылыми жұмысты үйлестіру, ақпараттық-анықтамалық материалдармен алмасу, бірлескен семинарлар өткізу, сондай-ақ сарапшыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен алмасу, бір-біріне ғылыми-әдістемелік және практикалық көмек көрсету түріндегі ынтымақтастықты дамытуға ниеттенеді.

Осы Меморандумға қол қою мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негізін нығайтуға мүмкімдік беретін неғұрлым берік стратегиялық әріптестік үшін үлкен ынталандыру болып табылады.