Ашық нормативтiк құқықтық актілердің
интернет-порталына орналастырылғаны туралы
ҚР Әділет министрлігі «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге жалған тауар белгілері және географиялық көрсеткіштері бар тауарларды өндіру мен өткізу фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелерінде ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға бағытталған.
Қоғамдық талқылау 2021 жылғы 15 желтоқсаннан 2022 жылғы 14 қаңтарға дейін жүргізіледі.
Барлық қызығушылық танытқан азаматтар Қаулы жобасын талқылауға келесі сілтеме бойынша: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=13801556 қатысуға мүмкіндігі бар.