Халықаралық инвестициялық арбитраж туралы вебинар

Халықаралық инвестициялық арбитраж туралы вебинар

2021 жылғы 21 желтоқсанда сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) Дүниежүзілік банк ҚР Әділет министрлігімен бірлесіп «Халықаралық инвестициялық арбитраж – аймақтық шындық – жетілдіру қажеттілігі» тақырыбында вебинар өткізеді.

Вебинарға Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев және Дүниежүзілік банк өкілі Валид Хайдер Малик қатысады.

Сондай-ақ вебинарда Албания, Нигерия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның лауазымды өкілдері арасында халықаралық инвестициялық арбитраждың қолданыстағы жүйесін реформалау мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар, шараға келесі жетекші халықаралық сарапшылар қатысады:

Доктор Урбан Руснак, Энергетикалық Хартия Хатшылығының Бас хатшысы;

Мартина Поласек, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығының Бас хатшысының орынбасары;

Проф. Доктор Август Райниш, Халықаралық сарапшы;

Проф. Доктор Марк Бунгенберг, Халықаралық сарапшы;

Джордж Кахале III мырза, Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP басқарушы серіктесі.

Іс-шара Zoom платформасында сейсенбі күні, 2021 жылғы 21 желтоқсан, сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) онлайн режимінде өтеді. Тіркелу төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді:

https://apco.zoom.us/webinar/register/WN_B2mjBHitR-WaVu4m3K0seQ