Терминологиялық секциясының кезекті отырысы өткізді
2021 жылдың 10 желтоқсан Әділет министрлігі терминологиялық секциясының кезекті отырысы өткізді. Отырыста 26 термин қаралып соның ішінде заңнамада жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін біріздендіру мақсатында «Төрелік келісім немесе келісім-шарттағы төрелік ескертпесі - Арбитражное соглашение или арбитражная оговорка в контракте», «Экспроприация - Экспроприация или национализация», «Алаңша, алаңқай/ алаң - площадка», «Кәдеге асыру, кәдеге жарату/ жою - утилизация», «Тіркеу, Ресімдеу - Регистрация», «Уәкілетті адам, Уәкілетті тұлға - Уполномоченным лицом», «Географиялық көрсеткіш, Географиялық сілтемелер / географиялық нұсқаулар - Географическое указание», «Қолдаухат, Өтінішхат - Ходатайство», «Тездетілген сараптама, Жеделдетілген сараптама - Ускоренная экспертиза», «Тауар таңбасы, Тауар белгісі - Товарный знак», «Алдын ала сараптама, Алдын ала сараптау - Предварительная экспертиза», «Қағидалар, Ережелер – Правила», «Ажыратылатын реңкі, ажыратылатын қабілеттілігі - Различительная способность» терминдерінің заңда әр алуан қолданылуын болдырмау үшін жан-жақты зерделенді.
Секция мүшелері отырыста қаралған және талқыланған терминдермен іс қағаздарда қолданылатын тұрақты тіркестерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының қарауына ұсынуды ұйғарды.