ҚР Әділет министрі сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

ҚР Әділет министрі сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады.

Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Әсел Жанәбілова нотариат саласындағы жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жеке сот орындаушылық саласында жеткен жетістіктері үшін ҚР жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы басқарма төрағасы Ернар Ибраев та «Құрмет» орденімен марапатталды.  

Бұдан басқа, министрлік және өңірлік әділет департаменттерінің қызметкерлеріне «Ерен еңбегі үшін» медалі мен алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты шара соңында министр ұжымға әділет жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғыс білдіріп, барлығына зор денсаулық пен қызметте табыс  тіледі.