Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

 10 желтоқсанда Әділет министрлігінде Аппарат басшысы А.Е. Үмбеталивтің төрағалығымен  Әдеп жөніндегі уәкіл А.С. Сыдықованың, аумақтық әділет органдары басшылары, қызметкерлері, сонымен қатар «Нұр-Отан» партиясы «Бірлік» филиалының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Ш.Ш. Қожахметовтің  қатысуымен  әділет органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді (ZOOM арқылы).

Кеңес шеңберінде мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында Аппарат басшысы аумақтық бөлімшелердің басшыларына мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, әдеп нормаларын бұлжытпай сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жөніндегі жұмысты одан әрі жүргізу  бойынша тапсырмалар берді. Семинардың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және уәкілетті  органдармен және жұртшылықпен өзара ынтымақтастық жөніндегі одан әрі жұмысты талқылай отырып пікір алмасу болды.