
БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша жыл сайын 10 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік адам құқықтары күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті «Клуб Добряков Астаны» бастамасымен «Тілек шыршасы» Жаңа жылдық қайырымдылық акциясына қатысты. Департамент ұжымы ерікті түрде қаражат жинап, оның көмегімен Нұр-Сұлтан қаласы Әкімшілігінің «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ ауруханасында жатқан балаларға сыйлықтар сатып алып берді.