«Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасына саласындағы өзекті мәселелер».

«Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасына  саласындағы өзекті мәселелер».

 

Тақырыбы: «Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасына

саласындағы өзекті мәселелер».

 

 

2021 жылдың 1 - шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы бойынша бүгінгі күні халықты қызықтыратын ең өзекті мәселелерді қарастырайық:

 

  1. Әкімшілік рәсімдер қандай мерзімде қаралады?

 

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі ол қозғалған кезден бастап есептеледі (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-б. 1,2-т.).

 

  1. Жолданымға қойылатын қандай талаптар бар?

 

Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.

Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданымда, хаттамада: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы, жолданымның мәні, жолданымның берілген күні, арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, арыз иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-б.).

 

 

 

 

 

  1. Қандай жағдайларда әкімшілік орган немесе лауазымды тұлға арызды қайтарады?

 

Егер арыз иесі жолданымды әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды адам оны қайтарады.

Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 64-б. 7, 8-т.).

 

  1. Тыңдау қалай жүзеге асырылады?

 

Тыңдау: әкімшілік рәсімге қатысушыны әкімшілік іс бойынша тыңдауға шақыру, оның ішінде бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы, ақпараттық жүйелерді пайдалану, әкімшілік рәсімге қатысушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-б. 1-т.).

 

 

  1. Тыңдау хаттамасына қалай дайындалады және кім қол қояды?

 

Тыңдау хаттамасы компьютерлік, электрондық, машинкамен жазу не қолжазба тәсілдерімен дайындалады.

Тыңдау хаттамасында: әкімшілік іс қаралатын орын мен күн, оның басталатын және аяқталатын уақыты, әкімшілік органның атауы, лауазымды адамның, хатшының тектері және аты-жөні, әкімшілік рәсімге қатысушы және (немесе) әкімшілік іске қатысатын өзге де адам туралы мәліметтер, қаралатын мәселенің мазмұны, қатысатын тұлғалардың түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны көрсетіледі.

Тыңдау хаттамасын төрағалық етуші мен хатшы дайындауға және қол қоюға тиіс.

Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға және әкімшілік іске қатысатын өзге де тұлғаға тыңдау хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Әкiмшiлiк рәсiмге қатысушы және әкімшілік іске қатысатын өзге де адам танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы. Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша төрағалық етуші оларды қанағаттандыру не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы шешім қабылдайды (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 74-б.).

 

  1. Қандай жағдайларда тыңдау өткізілмейді?

 

Тыңдау, егер: әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкiмшiлiк актіні қабылдайтын, атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін үш күндік мерзімнен аз уақыт белгіленген, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық және (немесе) мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында әкімшілік актіні дереу қабылдау талап етілетін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы өтінішхат берген, оңайлатылған әкімшілік рәсім жүзеге асырылатын, әкімшілік іс бойынша шешім автоматтандырылған процесті жүзеге асыру кезінде қабылданатын, бұл ретте әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік таңдау берілмеген жағдайларға қолданылмайды (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-б. 2-т.).

 

  1. Оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қандай өтініштер қаралады ?

 

Хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 87-б. 1-т.).

 

  1. Әкімшілік рәсімге шағымдану тәртібі қандай?

 

Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-б. 4-т.).

 

 

 

  1. Қандай мерзімде шағым беру керек?

 

Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсiздiк таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-б. 1-т.).

 

 

  1. Шағым қандай мерзімде қаралады?

 

Шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 99-б.).