Азаматтық сектор өкілдерімен кездесу

Азаматтық сектор өкілдерімен кездесу

18 қараша сағ 12.00-де онлайн режимде (ZOOM платформасы) Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев әділет саласындағы азаматтық сектор өкілдерімен кездесу өткізеді. Осыған орай, үкіметтік емес сектор өкілдерін аталған шараға белсенді қатысуға шақырамыз. Ол үшін 16 қарашаға дейін кездесуге қатысатындықтарыңызды растап, pressgov@mail.ru («Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу» атауымен) поштасына әділет органдарының цифрландырылуы, 2030 жылға дейін ҚР құқықтық саясатты тұжырымдамасын жүзеге асыру, зияткерлік меншік саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен сұрақтарыңызды жолдауларыңызды сұраймыз.

Кездесуге сілтеме қосымша хабарланады.