
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 9 қарашада үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері - 2021» республикалық байқауы өтті. Байқауға орталық атқарушы органдардан мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзара сайысқа түсті.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы мен мәртебесін кеңейту, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру.
Байқау нәтижесінде Министрліктің Экономика, қаржы және сауда саласындағы жобаларды сараптау басқармасының бас сарапшысы Адылханов Алмаз Адылханұлы жеңімпаз атанып, ІІ орынға ие болды.