Ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылғаны туралы

Ашық нормативтiк құқықтық актілердің  интернет-порталына орналастырылғаны туралы

ҚР Әділет министрлігі «Тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының және тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде фото, аудио-бейнетіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірледі.

Бұйрық жобасы ҚР Әділет органдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының 26-тармағын орындау мақсатында әзірленді.

Қоғамдық талқылау 2021 жылғы 27 қазаннан 2021 жылғы 10 қарашаға дейін жүргізіледі.

Барлық қызығушылық танытқан азаматтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін талқылауға келесі сілтеме бойынша: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=12510239 қатысуға мүмкіндігі бар.