Құрметті сайт қонақтары!
Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ӘМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірге «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заң және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобаларын (бұдан әрі – Заң жобалары) әзірледі.
Заң жобалары партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды ҚР Парламентіне және мәслихаттарға бөлу кезінде міндетті квотаны белгілеуге, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға квота белгілей отырып, әйелдер мен жастардан басқа, квоталанатын азаматтардың тізбесін кеңейту бойынша түзетулерді көздейді.
Ұсынылып отырған ережелерді енгізу биліктің өкілді тармағында әйелдерің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың болуын және олардың пікірлерін ескеруді, сондай-ақ оларды мемлекет тыныс-тіршілігінде белсенді жұмысқа тартуды қамтамасыз етеді.
Заң жобаларының ережелерімен Сіз сайтымызда немесе «Ашық НҚА» порталында осы сілтеме (https://legalacts.egov.kz/list?governmentId=634) бойынша өтіп таныса аласыз.