2021 жылғы 6 қазанда Женевада Әділет Вице-министрі А. Ахметова БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Әмбебап мерзімді шолулар бөлімінің басшысы Джанни Магадзенимен кездесті.
Кездесу аясында Қазақстанда адам құқықтары мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан реформалар талқыланды.
Сондай-ақ, тараптар адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі үшінші шолудың қорытындылары бойынша БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұсынымдарын іске асыруды талқылады.
Кездесу достық жағдайда өтті.