
2021 жылғы 5 қазанда Женевада Әділет Вице-министрі А. Ахметованың Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі Еуропалық Одақтың тұрақты бақылаушысы Лотте Кнудсенмен кездесуі өтті.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда адам құқықтары мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан реформалар талқыланды.
Кездесу сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.