ҚР Әділет министрлігінің басшысы еуропалық әріптестерімен кездесулер өткізді

ҚР Әділет министрлігінің басшысы еуропалық әріптестерімен кездесулер өткізді

2021 жылғы 26-30 қыркүйек аралығында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Австрия Республикасы және Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен барды.

Австрия астанасында Ведомство басшысы ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханмен бірге халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, олардың ішінде: БҰҰ Венадағы бөлімшесінің Бас директоры және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Атқарушы директоры Гада Фатхи Вали ханыммен және ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмид ханыммен кездесулер. Сондай-ақ, сапар барысында Министр Австрия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Петер Лаунски-Тиффентальмен және Австрия Республикасы Парламентінің адам құқықтары жөніндегі комитетінің мүшелерімен кездесті.

Өткізілген кездесулер барысында ағымдағы халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдірумен және халықаралық стандарттарды енгізумен байланысты құқықтық аспектілер бойынша өзара диалогты күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының құқықтық өзара іс-қимылы талқыланды.

Брюссель қаласына жұмыс сапары аясында Әділет министрі еуропалық әріптестерімен, атап айтқанда Бельгияның Федералды прокуроры Фредерик Ван Луимен, Еуропалық одақтың Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Эймон Гилмормен, халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бас хатшысы Шаран Барроумен, Бельгия Өкілдер палатасының Сот төрелігі комитетінің депутаты және төрағасы Кристиан Ван Варенбергпен, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі комитет мүшелерімен және Еуропарламент депутаттарымен кездесті.

Кездесулерде тараптар құқықтық жүйелер мен құқық қорғау институттарын дамыту мәселелерін, сондай-ақ екіжақты және өңірлік форматтар шеңберіндегі одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Министр шетелдік әріптестерімен қоғамды демократияландыруға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған реформалармен бөлісті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша құқықтық саладағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.