Қазақстанда электрондық апостиль енгізу туралы

Қазақстанда электрондық апостиль енгізу туралы

 

Қазіргі уақытта «Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін автоматтандыру шеңберінде Қазақстан Республикасында электрондық апостильді енгізу жөніндегі пилоттық жоба жалғастырылуда.

Электрондық апостилі бар ресми құжатты ұлттық және халықаралық талаптарда көзделген тәртіп пен шарттарды сақтайтын «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі береді. Апостиль мөртабаны үш (қазақ, ағылшын және француз) тілде жасалады.

Электрондық апостильдің шынайылығын мына сілтеме бойынша тексеруге болады https://egov.kz/cms/kk/services/apostil/apostil  (авторизациясыз). QR-кодын енгізу арқылы да тексеруге болады.

Электрондық цифрлық қолтаңбасымен апостиль мөртабаны бар ресми құжат қолданылу мерзімі шектеусіз жарамды болып табылады және оның тұтастығына, электрондық түрде болуына және қол жетімділігіне кепілдік береді.

Қызмет Гаага Конвенциясына қатысушы елдер үшін қолжетімді. Егер ел Гаага Конвенциясына қатысушы болып табылмаса, құжаттарды заңдастыру үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жүгіну қажет.

Осыған байланысты, шет мемлекетке шығар алдында осы елдің Гаага Конвенциясына қатысушы болып табылатынын-табылмайтынын және «апостиль» электрондық мөртабаны бар электрондық құжатты қабылдау мүмкіндігі туралы алдын ала нақтылауды ұсынамыз.

Электрондық апостиль іске қосылған сәттен бастап Қазақстанда электрондық түрде 2 мыңнан астам құжатқа апостиль қойылғанын атап өткен жөн.