Әділет Вице-министрі А. Ахметованың Сауд Арабиясы Корольдігінің Әділет министрінің Орынбасарымен кездесуі

Әділет Вице-министрі А. Ахметованың Сауд Арабиясы Корольдігінің Әділет министрінің Орынбасарымен кездесуі

2021 жылдың 28 қыркүйегінде Әділет вице-министрі А. Ахметованың Сауд Арабия Корольдігінің Әділет министрінің орынбасары Салман Фаузан Аль-Фаузанмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жемісті әрі тиімді дамуын атап өтті.

Кездесуде тараптар Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сот төрелігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша мемлекетішілік рәсімдерді аяқтауды, сондай-ақ осы Келісімнің инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту әлеуетіне байланысты маңыздылығын талқылады.

Әділет вице-министрі А. Ахметова терең құрметін білдіріп, Әділет министрінің орынбасары Салман Фаузан Аль-Фаузанға екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын айтты