«Антиконтрафакт-2021» форумының ашылуы өтті

«Антиконтрафакт-2021» форумының ашылуы өтті

Бүгін «Антиконтрафакт-2021» IX Халықаралық форумының ресми ашылуы өтті.

Форумның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Руслан Бекетаев, Еуразиялық патенттік ведомствоның президенті Сауле Тлевлесова, «Антиконтрафакт» Халықаралық қауымдастығының президенті Асламбек Аслаханов және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарының басқа да өкілдері қатысты.

Форум аясында 26 және 27 тамызда гибридті форматта «Антиконтрафакт» Жастар форумы және 10 сессия өтеді.

28 тамызда онлайн форматта сарапшылар марафоны өтеді.

Жыл сайынғы іс-шара сындарлы және тиімді диалог үшін жақсы алаң болып табылады.

Форумның барлық қатысушыларына жемісті жұмыс тілеймін!