Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу қорытындылары

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу қорытындылары

2021 жылғы 4 тамызда мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жұмыс қорытындысы бойынша төрт ҚҰБҰ берген өтініштердің,біреуі аккредиттелген.

Комиссияның отырысы онлайн режимінде өтті.

Комиссия Әділет министрлігінің өкілдері, сондай-ақ қоғам өкілдері, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, Республикалық консультанттары алқасының төрағасы Серік Байсейітұлы Ақылбай, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті, қоғам қайраткері Мұрат Абдуламитұлы Әбеновбар құрамында өтінімдерге ұсынылған материалдарды (жалпы жиналыстың аккредиттеуден өту туралы шешімдері, сыйақы мөлшеріне, жиналған сыйақыны бөлу тәсіліне және төлеуге қатысты, авторлар мен құқық иеленушілердің пікірлері және т.б.) қарады.

Әділет министрлігі «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-2-бабының 7-тармағын, «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 9-тармағын басшылыққа ала отырып және Комиссия қорытындысының негізінде «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау коммерциялық емес ұйымы» ЖМ аккредиттеді және «Авторлар әндерінің одағы» РҚБ, «Қазақ әуендерінің
орындаушылары» РҚБ, «Абырой» авторлық қоғамы» РҚБ аккредиттеуден бас тартты.

Аккредиттеуден бас тарту үшін Қағидаларда көзделген авторлар мен құқық иеленушілер алдында ҚҰБҰ міндеттемелерін орындамау негіз болды.