Әкімшілік рәсімдерді реттеудің енгізіліп жатқан моделі сот органдары тарапынан тиісті бақылау болмаған жағдайда өз әлеуетін толық іске асыра алмайды деп, хабарлады Әділет Вице-министрі Наталья Виссарионовна.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте сот ісін жүргізудің жаңа түрі енгізіледі.
Сот ісін жүргізудің жаңа түрі – әкімшілік іс жүргізудің азаматтық іс жүргізуден басты айырым белгілері дәлелдемелерді жинау процесінде соттың белсенділігін күшейту және сот актілерінің орындалуына сот бақылауы институтын енгізу болады.
Осылайша, сот талапкерге оның мүдделерін қорғауға және судьялардың талаптарын бұзатын әкімшілік органдарға айыппұл салуға көмектеседі.
Сот арызданушыларға арыз-талаптарын дұрыс толтыруға көмектеседі. Әкімшілік органдардың өкілдеріне сотты құрметтемегені және тәртіпті бұзғаны үшін 20-дан 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Енді прокурорлар салық, кеден, бюджет ісі және экология саласындағы сот істері бойынша дауларға ғана қатысатын болады.
Егер сот шешімі азаматтардың пайдасына шығарылса, әкімшілік орган шешімнің орындалғаны туралы сотты хабардар етуге міндетті. Егер мемлекеттік орган шешімді орындамай, уақыт созса немесе еш әрекеттенбесе, сот Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне бірнеше рет айыппұл сала алады. Кодексте 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.