Әділет министрлігінің ақпаратына сәйкес, азаматтың мұндай кепілдігі билік шешімі қабылданған адамның өтініші бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Енді әкімшілік орган адамға оның ісін қарау барысында түсініктеме жіберуге міндетті, ал азамат түсініктеме беруге және қажетті қосымша құжаттарды ұсынуға мүмкіндік алады.
«Азамат лицензия алу үшін органға жүгінген жағдайды елестетіп көріңіз. ӘРПК қолданысқа енгізілгенге дейін, егер уәкілетті орган бұл азамат белгілі бір талаптарға сәйкес келмейді деп санаса, онда орган одан бас тартады. ӘРПК қолданысқа енгізілгеннен кейін орган азаматқа белгілі бір талаптарға жауап бермейтінін ескертіп, осы мәселе бойынша пікірін сұрауы керек. Бұл орган өтініш беруші тиісті түсініктеме беру арқылы түзете алатын фактілерді ескермеуі мүмкін», - деді Әділет вице-министрі Н.Пан.
Бұл жағдайда тыңдау рәсімдерін өткізудің артықшылығы-азаматтың алдын ала шешімге ұстанымы уәкілетті тұлға үшін қосымша ақпарат көзіне айналады және қолайсыз шешім қабылдау тәуекелін азайтады.