
2021 жылғы 30-шы маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған, «Тәуелсіздік тарландары» жобасы шеңберінде ҚР Әділет министрлігінде әділет органдарының ардагерлерімен және жас мамандармен кездесу өтті.
Оған ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев, әділет органдарының ардагерлері Рамазан Сарпеков, Назима Тұяқбаева, Бақыт Қажкенова, Бағия Әбілдинова, Қадыржан Баймұханова, Бақтыгүл Атағазиева, Дина Орынбекова, Алуа Төлеуханова, сондай-ақ орталық аппараттың, аумақтық әділет органдарының жас мамандары қатысты.
Өз сөзінде Әділет министрі Марат Бекетаев мемлекеттік қызметте ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, өмірін осы қызметке арнап, саланың дамуына үлес қосқан ардагерлерді ардақтау маңызды екенін атап өтті.
«Аталған кездесу болашақта жас мамандардың тәжірибесінде өз ықпалын тигізеді деп үміттенемін. Ардагерлерімізге мықты денсаулық тілеймін, әділет органдары жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтамын. Жастарға кәсіби даму және бәсекеге қабілетті болуды тілеймін», - деді Марат Бекетаев.
Кездесу барысында ардагерлеріміз жас мамандармен әңгімелесіп, еліміздің жетістігі, еңбек жолыңдағы тәжірибелерімен бөлісті, ақыл-кеңес, бағыт-бағдар берді.