2021 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ұйымдастыруымен «Тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді қорғау» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Семинардың мақсаты Еуропалық одақ елдерінің тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді қорғау бойынша тәжірибесін зерделеу болып табылады.
Семинар жұмысына Еуропалық комиссияның, Еуропалық патенттік ведомствоның, Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ), Еуразиялық патенттік ведомствоның, сондай-ақ ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, судьялар және ҚР патенттік сенім білдірілген өкілдері қатысты.
Онлайн-семинар барысында халықаралық сарапшылар қатысушыларды Еуропалық одақта тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді қорғау, Еуразиялық патенттік ұйымға қатысушы мемлекеттердің аумағындағы өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың өңірлік жүйесі мәселелері бойынша үздік халықаралық тәжірибемен таныстырды.
Сондай-ақ, ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілдерімен «Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау» тақырыбында баяндама жасады.
Семинарға қатысушылар талқылауларға белсенді қатысып, олардың қызықтырушы сұрақтарға жауаптар алды.