Алдағы уақытта өтетін жария тыңдау туралы хабарландыру

Алдағы уақытта өтетін жария тыңдау туралы хабарландыру

Тыңдауды ұйымдастырушының атауы және мекенжайы:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 13-кіреберіс;

Тыңдау өтетін орын,  мерзімі және уақыты:

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 19, Б блок, 3-этаж, мәжіліс залы («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ),                     2021 жылғы 19 шілде, сағат 12.00;

Субъектінің атауы:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

 

Бағалар жобасын жариялауға хабарлама немесе ақпарат берілген,  мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің түрі:

 

- Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылатын жылжымайтын мүліктің ғимараттарын, құрылыстарын және (немесе) олардың құрамдас бөліктерін сәйкестендіру және техникалық деректері туралы мәліметтерді енгізу;

- Жеке тұрғын үйдің (шаруашылық құрылыстары бар) сәйкестендіру және техникалық деректерінің құқықтық кадастрының ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу);

-Қайталама объектілері бар көп пәтерлі үйдің сәйкестендіру және техникалық деректерінің құқықтық кадастрының ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу, оның ішінде: 1, 2, 3, 4, 5-бөлмелі пәтерлер, пентхаустер, тұрғын емес орынжайлар, тұрақ орындары;

- Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне мемлекеттік монополияға жатқызылған жеке гараждардың, электр беру желілерінің, теміржолдар мен платформалардың, жылу трассаларының, көпірлердің, тоннельдердің, жол өткізгіштердің, қалалық электр көлігінің, жолдардың, жағалаулардың, жасыл желектердің, су құбырларының, коллекторлардың, газ құбырларының, мұнай құбырларының, байланыс желілерінің, жер учаскелерінің сәйкестендіру және техникалық деректерін енгізу.

 

Уәкілетті мемлекеттік органның ақпарат  алуға болатын байланыс телефондары: 8(7172) 55 88 48, 8 701 0189800

 

Субъектінің ақпарат алуға болатын байланыс телефондары:                 8 (7172) 95-50-38, ішкі 135, 8 (7172) 95-51-51, 8 708 176 6178

 

Уәкілетті мемлекеттік органның  интернет-ресурсының мекенжайы (бар болған жағдайда): adilet.gov.kz

 

Субъектінің интернет-ресурсының мекенжайы (бар болған жағдайда): gov4c.kz

 

Жария тыңдаулар – бұл мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға жобасын тұтынушылардың, монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктерінің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, мемлекеттік уәкілетті орган өткізетін талқылау рәсімі екенін естеріңізге саламыз.