Осы арқылы азаматтардың назарына «Электрондық үкімет порталында» «Ашық үкімет» - «Ашық НҚА» бөлімінде жария талқылау үшін «Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеужәне құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге,сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстардыөтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрі бұйрығының жобасы орналастырылғанын жеткіземіз.
Қоғамдық талқылау 2021 жылдың 25 маусымнан 12 шілдесіне дейін өтеді (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=9692041).
Барлық мүдделі азаматтар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актісінің жобасын талқылауға қатыса алады.